Дереккөз: Он жылда Түркіменстаннан 1,9 миллион адам көшіп кеткен

Түркіменстаннан 2008-2018 жылдары 1 миллион879 мың адам көшіп кеткен. Бұл туралыАзаттықтың Түркімен қызметіне құпиядереккөз хабарлады.

Мемлекеттік статистика комитеті ұзақ жинағанжабық дерекке қарағанда, он жыл ішінде елден 1 миллион 879 мың 413 адам біржола көшіп кеткенне тұрақты жұмыс істеуге кетіп қалған. Жұмысістеуге кеткендер елге қайтып жатқан жоқ. Елденшыққандар қатарына уақытша сапарлап кеткенадамдар кірмейдідейді дереккөз.

Азаттыққа мұны түрлі мемлекеттік құрылымдажұмыс істейтін үш дереккөз растаған. Елде соңғырет елде халық санағы 2012 жылы желтоқсандаөткен. Санақ қорытындысы жарияланған жоқ. Түркіменстан үкіметі елдегі халық саны менкөшіп кететіндерге қатысты ресми статистиканыжарияламайды.

Ашық деректерде Түркіменстандағы халық саны5,5 миллион деп көрсетіледі. Алайда Азаттықсөйлескен дереккөздер шын мәнінде азаматтарсаны 3,3 миллионнан аспайтынын айтады.

Түркіменстандықтар жиі баратын елдердің ресмидеректеріне қарағанда, жыл сайын елге кіретінтүркімендер саны артып келеді. Түркияүкіметінің дерегінше, 2019 жылы наурызда елгеТүркіменстанның 23 мың азаматы кірген. Ресейдің көшіқон ведомствосы 2018 жылыВолгоград облысына көшіп келген Түркіменстанмигранттарының саны 81 пайызға өскенінхабарлады.

Түркіменстанды 2007 жылдан бері ГурбангулыБердімұхамедов басқарады. Бұрын олТүркіменстанның денсаулық сақтау министріжәне осы елдің алғашқы президенті автократСапармұрат Ниязовтың жеке дәрігері болған. 2006 жылы Ниязов қайтыс болғаннан кейінөткен президент сайлауында, ресми мәліметбойынша, сайлаушылардың 80 пайыздан астамыБердімұхамедовті қолдап дауыс берген. Соданбері ол тағы екі мәрте президент сайлауындажеңіске жеткен.

Бердімұхамедов билікке келгеннен кейінқабылданған Түркіменстанның жаңаКонституциясы бойынша, оның ел президентіболып сайлану құқығына шектеу қойылмаған. Түркіменстан билігін сынаушылар мен құқыққорғаушылар президент ГурбангулыБердімұхамедов пен оның үкіметіноппоненттерін аяусыз жазалап, адам құқықтарымен бостандығын қатаң шектейді деп айыптайды