Ердоған Ресейді Сириядағы оппозиция лагеріне шабуыл жасады деп айыптады

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресейді Сирияның Идлиб провинциясындағы оппозицияның оқу-жаттығу лагеріне шабуыл жасады деп айыптады, – деп хабарлайды РИА Новости.

“Ресейдің Идлиб аймағындағы оппозицияның оқу-жаттығу лагеріне жасаған шабуылы онда тұрақты бейбітшілік пен тыныштыққа деген ұмтылыстың жоғын көрсетеді”, – деді ол Әділет және даму партиясының парламенттік фракциясында.

Сириялық БАҚ мәліметінше, Ресей әуе-ғарыш күштерінің Түркия шекарасына жақын орналасқан Джабал Дувейльдегі террористік топтың оқу-жаттығу лагеріне жасаған әуе шабуылы нәтижесінде 40-тан аса содыр өлтіріліп, кем дегенде 60 адам жарақат алған.

Идлиб Сирияда басым бөлігі бандалардың бақылауында тұрған жалғыз өңір болып отыр. Провинцияда түрік армиясының бақылау бекеттері бар, Ресей – Түркия келісіміне сәйкес екі елдің әскери күші Идлибте бірлескен патруль жүргізеді.