“Евровидение-2019” байқауының жеңімпазы анықталды

18 мамырда кешкі уақытта Тель-Авивте “Евровидения-2019” финалы өтті. Сахнаға әр елден келген 26 орындаушы шықты, сондай-ақ олардың арасында көптеген танымал жұлдызды қонақтар, соның ішінде Сердючка Верка, Кончита Вурст және Мадонна болды. Қазақстанда ән байқауын “Хабар”телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

Биыл “Евровидение” Тель-Авивте болады. Байқау Израильде үшінші рет өтті. Қазылар алқасы мен көрермендердің жалпы дауыс беру қорытындысы бойынша финалға шыққан қатысушылар:

1. ZENA – Беларусь; 2. Сергей Лазарев – Ресей; 3. Chingiz – Әзірбайжан; 4. Катерина Дуска – Грекия; 5. Невена; Божович – Сербия; 6. Tamta – Кипр; 7. Виктор Крон – Эстония; 8. Группа Lake Malawi – Чехия; 9. Кейт Миллер-Хайдке Аустралия; 10. Группа Hatari – Исландия; 11. Серхат – Сан-Марино; 12. Дуэт Zala Kralj & Gasper Santl – Словения; 13. Тамара Тодевска – Солтүстік Македония; 14. Дункан Лоуренс – Нидерланды; 15. Йонида Маличи – Албания; 16. Йон Лундвик – Швеция; 17. Leonora – Дания; 18. группа Keiino – Норвегия; 19. Лука Ханни – Швейцария; 20. Микела Паче – Мальта; 21. Мамуд- Италия; 22. Билал Ассани – Франция; 23. Мики – Испания; 24. Группа S!sters – Германия; 25. Майкл Рысь – Ұлыбритания; 26. Коби Марими – Израиль

Жеңімпазды қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беруі арқылы анықтады. Қазылар алқасының мүшелері өз таңдауын жасады, ал көрермендер барлық қатысушылардың өнер көрсетуінен кейін дауыс берді.

Дауыс беру қорытындысы бойынша бірінші орынды Нидерланды өкілі Дункан Лоуренс иеленді. Орындаушы 492 ұпай жинады. Таяуда РИА Новости тілшісінің мәліметі бойынша, букмекерлер Дункан Лоуренстің жеңіске жету мүмкіндігі зор екенін айтқан. Себебі композиция шыққан сәттен бастап Лоуренс букмекерлік орталықтарда тізімнің бірінші жолынан түспеген.

Әртіс Arcade әнімен жарқын көрініс берді. Ол арнайы әсерлерді қолданбай таза дауысына сенді. Голландиялық жігіт рояльдің сүйемелдеуімен ән шырқады. Соңғы рет Нидерланды 44 жыл бұрын “Евровидение” байқауын жеңіп алды.

Екінші орында Soldi (465 ұпай) әні бар итальяндық Mahmood болды. Үшінші орында ресейлік әнші Сергей Лазарев Scream әнімен (369 ұпай).

“Евровидение-2019” финалы 18-нен 19 мамырда қараған түні сағат 01.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) басталады.

kaz.tengrinews.kz