Францияда Наполеонның тағы сатылды

Франция императоры Наполеон І Бонапарттың тағы француз монархтарының Фонтенбло тарихи резиденциясындағы аукционда 500 мың еуроға сатылды. Бұл туралы сауданы өткізген Osenat аукцион үйі Twitter парақшасында мәлім етті.

Тақты сатып алған адамның аты-жөні жария етілген жоқ.

Ағаштан жасалып, сыртын алтынмен жапқан тақ о баста небәрі 80 мың еуроға бағаланған. Бұған ұзақ уақыт бойы Наполеон отырған тақтардың саны бесеу деген пікір әсер етті. Олардың бірі Париждің Тюильри сарайында, екіншісі Сен-Клу қамалында, үшіншісі Сенатта, төртіншісі Ұлттық жиналыс ғимаратында, бесіншісі Париж мэриясында сақтаулы.

Аукцион үйінің мәліметіне қарағанда, ХІХ ғасырдың аяғында америкалық филантроп Майкл Генри де Янг Наполеонның осы тағын Сан-Францискодағы бейнелеу өнері музейіне сыйға тартқан.

Айта кетейік, биыл тамыз айында француз императорының туғанына 250 жыл толады.

inform.kz