G20 саммиті тұңғыш рет араб елінде өткізіледі

Алдағы жылы жиырмалық тобына (G20) Сауд Аравиясы төрағалық етеді. 2020 жылғы 21-22 қарашада  Эр-Риядта осы халықаралық ұйымның саммиті өтеді, деп хабарлады сәрсенбі күні Сауд баспа агенттігі.

«Сауд Аравиясы G20 мақсаттарын, сондай-ақ тұрақтылық пен халықаралық  экономикалық  жүйені толықтай қолдайды»,-делінген хабарламада. Алқалы жиында Сауд Аравиясының королі Сальман бен Абдель Азиз Аль Сауд төрағалық етеді, деп атап өткен агенттік.

Айта кеткен жөн, Жиырмалық тобы көшбасшыларының саммитін Сауд Аравиясында өткізу жөніндегі шешім 2017 жылғы шілдеде Гамбургте қабылданған болатын.

ҚазАқпарат