Гонконгте “күдіктілерді Қытайға беру” заңына қарсы наразылық жалғасты

16 маусымда Гонконгте мыңдаған адамқылмысқа күдіктілерді Қытайға беру туралызаңнан толық бас тартуды талап етіп, наразылыққы шықты.

15 маусымда Гонконг қаласының басшысы КэрриЛамПекин қылмысқа күдікті деп тапқанадамдардыҚытайға экстрадициялауғамүмкіндік беретін заң жобасын қарау процесінкейінге шегерген.

Ал 16 маусымда көшеге шыққан наразылар заңжобасын мүлде қабылдамауды талап етеді. Наразылар Кэрри Ламның да отставкаға кеткенінқалайды. Халықаралық агенттіктердіңхабарлауынша, мыңдаған адам қаладағы Жеңісалаңына жиналып, кейін қала көшелеріменшерулетіп жүре бастаған.

Қандайда бір қылмысқа күдіктілерді Пекинсұраған жағдайда құрлықтық Қытайға берутуралызаң жобасын Қытай билігі ұсынған. Заңжобасына сай, Гонконг аумағында жүргенадамды Пекин қандайда бір қылмысқа күдіктідеп тапса, Гонконг ол адамды Қытай, Макаонемесе Тайпейге экстрациялауы тиіс.

Наразылар “бұл заң қабылданса, Пекиндісынаушылар, Қытайдағы қысымнан қашып, Гонконгке келгендер, тіпті туристер зардапшегедідеп санайды. Ал биліктіңпайымдауынша, бұл заң жобасыГонконгкеқашып, бас сауғалайтын қылмыскерлердіңсанын азайтады.

Ұлыбритания Гонконгті 1997 жылы Қытайғақайтарып берген. Гонконг Қытайдың ерекшеәкімшілік аймағы болып саналады, бірақбір ел екі жүйепринципімен жүреді.

Гонконгтің өз заңы бар, елдегі азаматтардыңқұқығы Қытаймен салыстырғанда жақсықорғалады. Гонконгқылмыскерлерді, я күдіктілерді экстрадициялау туралы” 20 елменкелісім жасасқан. Олардың арасында АҚШ, Ұлыбритания бар. Ал Қытай мен Гонконг бұлкелісімді 20 жылдан бері талқылап келеді.