Илон Маск екі минутта бір миллиард долларынан айырылды

SpaceX компаниясының қожайыны әрі Tesla электромобильдері өндірісінің басшысы Илон Маск NASDAQ-тағы саудада екі минуттың ішінде 1,1 миллиард долларынан айырылды, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Bloomberg ақпараты бойынша, Масктің миллиард доллардан айырылуына Tesla Inc. компаниясының 11 пайызға арзандауы себеп болған.

Миллиардерлердің жай-күйін санап отыратын Bloomberg Billionaires мәліметтер индексіне сүйенсек, кәсіпкердің капиталы 22,3 миллиард долларға төмендеген. Сауданың соңына қарай Tesla-ның акциясы 8,23 пайызға азайды.

Маскке тиесілі қаржының он миллиард долларға жуығын Tesla әкелген, ал 13 миллиардты – SpaceX.