Кабулда жарылыстан бірнеше адам қаза тапты

Ауғанстан астанасы Кабулда 14 қаңтар күні кешке жарылыс болып, төрт адам қаза тапты, 90-нан астам адам жараланды. Ауғанстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Наджиб Даништің хабарлауынша, жарылыс Кабулдың шығысындағы бұрын шетелдік үкіметтік емес ұйымдар өкілдіктері орналасқан Green Village кешенінде көлікке жасырылған бомба жарылды. Жарылысты әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Ішкі істер министрлігінің өкілі Насрат Рахими расталған мәлімет бойынша, жаралылар арасында 23 бала барын хабарлады.

Green Village кешенінде бұған дейін БҰҰ қызметкерлері тұрған және жұмыс істеген. Бірақ Даништің сөзінше, қазір кешеннің көп бөлігі бос тұр, онда бірнеше күзетші ғана қалған. “Жарылыс айналадағы тұрғын үйлерге айтарлықтай зардап келтірді” деді Даниш. Жарылыс орнына полиция арнайы жасағы барған.