Ким Чен Ынның халық алдына шыққан суреттері жарияланды

Сенбі, 2 мамырда Солтүстік Кореядағы билеуші “Нодон синмун” Еңбек партиясының ресми баспа органы Ким Чен Ынның суреттерін жариялады, бұл ел басшысы қатысқан 20 күндегі алғашқы іс-шара, – деп хабарлайды РИА Новости.

Суреттерде мемлекет басшысы жанындағы адамдармен әңгіме-дүкен құрып, күлімсіреп тұр. Ким Чен Ынның ауырғаны туралы БАҚ өкілдері жазған сыбыстарға қарамастан, ол көңілді әрі сау көрінеді.

Суреттер 1 мамыр күні Пхеньян түбіндегі Сунчхон қаласында тыңайтқыш өндіретін зауыт құрылысының аяқталу салтанатында жасалған.