Мексикада жер сілкінісі болды: қаза тапқандардың саны артып жатыр

Мексика билігі 23 маусымда болған жер сілкінісінен алты адамның қаза тауып, тағы 30 адамның жарақат алғанын айтты, – деп хабарлайды Evening Standard.

“Штат аумағында алты өлім расталды, төрт адам жарақат алды. 500 ғимарат пен 15 медициналық орталық, сондай-ақ, төрт археологиялық аумақ бүлінді”, – деп жазады басылым.

Магнитудасы 7,4 балл болатын жер сілкінісі Мексиканың оңтүстігінде Эль Коюль қаласынан 9 шақырым жерде болған. Тереңдігі – 33 шақырым.