Нью-Йоркте тікұшақ зәулім үйге соғылды

Нью-Йорктің Манхэттен ауданында 54-қабатты кеңсе ғимаратының шатырына тікұшақ соғылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың өрт сөндіру басқармасына сілтеме жасап.

“Нью-Йорк өрт сөндіру басқармасының қызметкерлері Жетінші авеню, 787 мекенжайына жетті. Тікұшақ қатты қонған”, – деп хабарлады ведомство өкілдері Twitter желісінде.

CNW видеосында тікұшақтың бірер сәт басқарусыз ұшып келіп, апат жағдайында ғимарат үстіне құлағаны көрінеді.  Кейін ведомстводағылар бір адамның қаза тапқанын хабарлады

kaz.tengrinews.kz