Өзбекстан да сыртқы қарызға белшесінен батып отыр

10 қыркүйекте Өзбекстанның қаржы министрлігі 2020 жылдың алты айындағы мемлекет қарызы туралы есеп жариялады, деп хабарлайды zakon.kzcentralasian.org-ке сілтеме жасап.

Министрлік мәліметі бойынша, биыл 1 шілдеге дейін Өзбекстан мына ұйымдарға қарыз:

Азия даму банкі – 3,9 миллиард доллар;

Дүниежүзілік банк – 3 миллиард доллар;

Эксимбанк Кытай – 2 миллиард доллар;

Жапонияның халықаралық әріптестік агенттігі – 1,7 миллиард доллар;

Қытайдың мемлекеттік даму банкі – 1,3 миллиард доллар;

Халықаралық инвесторлар – 1 миллиард доллар;

Ислам баму банкі – 0,8 миллиард доллар;

Жапонияның халықаралық әріптестік банкі – 0,4 миллиард доллар;

Басқа да қаржы институттары – 3,2 миллиард доллар.

Есепке сәйкес, Өзбекстан үкіметінің қарызы 19,4 млрд доллар болды. Бұл – республиканың жалпы ішкі өнімінің 34 пайызы.

Биыл алты айда Өзбекстанның сыртқы қарызы 1,6 млрд долларға артқан. Республиканың ішкі қарызы 2,1 миллиард долларға көбейген.