Өзбекстанда коронавирус жұқтырудың бірінші дерегі тіркелді

Өзбекстанда коронавирус жұқтырудың бірінші дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі республиканың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметі бойынша, 15 наурызда 06:00-де Вирусология институтының зертханасында Франциядан оралған Өзбекстан азаматынан Covid-19 коронавирусы анықталды.

«Инфекция таралуының алдын алу үшін эпидемиологиялық тексеру және профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.