Перудің бұрынғы президенті атылып өлді

  1. Перудің экс-президенті Алан Гарсия полиция сау ете қалған кезде өзін-өзі жаралап, одан кейін қайтыс болып кетті, деп жазады Telesur арнасына сілтеме жасаған РИА Новости.

Бұл ақпарат әлі ресми расталған жоқ.

Дәрігерлерге сілтеме жасаған телеарна дерегінше, саясаткердің жүрегі бұған дейін үш рет тоқтаған болатын.

Гарсия 1985 жылдан 1990 жылға дейін, сосын 2006 жылдан 2011 жылға дейін Перу президенті болған.

Таңертең оны полицейлер Лиманың байлар тұратын Мирафлорес ауданында ұстамақ болған.

Перу ішкі істер министрі Карлос Моранның хабарлауынша, полиция экс-президенттің үйіне келген, ол адвокатына телефон шалуына уақыт сұрап, басқа бөлмеге кіріп кеткен.

Сол бөлмеден полиция жараланған Гарсияны тауып алып, ауруханаға жеткізген.

Бұрынғы президентке қылмыстық астыртын келісім жасап, ақша заңдастырды деген айып тағылуда.

Сонымен қатар, прокуратурада Гарсияның бразилиялық Odebrecht құрылыс компаниясынан пара ретінде 100 мың доллар алғанына қатысты айғақтар бар.

2018 жылдың соңында Гарсия Уругвайдан саяси баспана алуға тырысқан, бірақ Уругвай билігі баспана бермей қойды.

Zakon.kz