Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров отставкаға кетеді

Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров алдағы президент сайлауына қатысады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

“Мен президент сайлауына басқаларымен бірдей қатысамын. Мені таңдаса, президент боламын, таңдамаса, болмаймын”, – деді Садыр Жапаров.

Бұған дейін Қырғызстанда президент сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетітіні хабарланды. Бұл шешім қайта талқыланбайды, деп жазады 24.kg.

Ал Жогорку Кенеш (парламент – ескерту) депутаттарын қайта сайлау мерзімі әлі белгісіз.