Қырғызстан прокуратурасы Атамбаевқа тағылған айыптардың бесеуіне негіз тапты

Қырғызстан Бас прокуратурасы экспрезидентАлмазбек Атамбаевтан тиіспеушілік статусыналып тастау үшін парламент таққан айыптарғабаға берді. Бақылаушы орган депутаттар таққаналты айыптың бесеуіне негіз бар деп тапты. Бұлтуралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылымжәне регламент бойынша парламент комитетініңжиынында бас прокурор Откурбек Джамшитовведомство шығарған шешімді оқып берді.

Депутаттар комиссиясы мен Бас прокуратура айыптары қысқаша мынадай:

Депутаттарды, сотты, қоғам қайраткерлері менБАҚты қудалау Атамбаевтың қатысы бар екенідәлелденуі керек болғандықтан, негіз жоқ;
Атамбаев үй салған КойТаш ауылында жердізаңсыз басып алу аса ауыр қылмыс белгілерібар;
Қылмыстық топ мүшесі Азиз Батукаевты заңсызбосату аса ауыр қылмыс белгілері бар;
Заңсыз баю аса ауыр қылмыс белгілері бар;
Бішкек ТЭЦ-ін жаңарту жобасы кезіндегіжемқорлық әрекет аса ауыр қылмыс белгілерібар;
Бішкек ТЭЦ-іне заңсыз көмір тасымалдау ісінеқатысы болуы мүмкін аса ауыр қылмысбелгілері бар.

18 маусымда Жогорку Кенешінің екі комитетіАтамбаевқа айып таққан комиссия қорытындысын қолдаған еді. Комиссия төрағасыКаныбек Иманалиев бұрынғы президенттентиіспеушілік мәртебесін алып тастау сегіз кезеңбойынша жүзеге асырылуы тиіс екенін айтқан.

Ереже бойынша, енді Бас прокуратура бағасыпарламентте қаралып, артынша бұрынғыпрезиденттен тиіспеушілік мәртебесін алыптастаутастамау туралы парламент шешімішығады.

Қырғызстанда бұрынғы президент мәртебесінеРоза Отунбаева мен Алмазбек Атамбаев ие. Алхалық толқулары нәтижесінде биліктен кетугемәжбүр болған елдің бірінші президенті АсқарАқаев пен екінші президенті Құрманбек Бакиевкеондай мәртебе берілмеген.