Шри-Ланка үкіметі лаңкестік шабуыл қаупі туралы алдын ала білген – БАҚ

Шри-Ланка үкіметі лаңкестік шабуыл қаупі туралы алдын ала білген. Бірнеше апта бойы осындай ақпарат тараған. Бұл туралы CNN ел үкіметінің өкілі Раджит Сенаратнеге сілтеме жасай отырып мәлімдеді, – деп хабарлайды “Астана” телеарнасы.

Басылымның мәліметінше, арнайы қызмет пен күш құрылымдарға қауіптің бары жайы мәліметтер 11 сәуірде құжат жүзінде келіп түскен. Тіпті жарылыс жасауы мүмкін деген күдіктілердің тізімі де көрсетіліпті. Ал Шри-Ланка билігі ең соңғы ескертуді алғашқы жарылыстан 10 минут бұрын ғана алған. Қазір ел аумағына төтенше жағдай енгізілді.

Мұның алдында Шри-Ланкада болған жарылыстан қаза тапқандардың саны 321 адамға жеткені хабарланған еді.
Еске салайық, 21 сәуірде Шри-Ланкада екі жарылыс болған еді. Кейінірек Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жарылыс салдарынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеген болатын

kaz.tengrinews.kz