Шри-Ланкада Пасха мерекесін тойлау кезінде алты жерде жарылыс болды (фото, видео)

Шри-Ланкада Пасха мерекесін тойлау кезінде бірнеше қонақ үй мен шіркеудегі жарылыс болды деп хабарлайды Хабар24.

Басылымның хабарлауынша, оқиғадан 42 адам қаза тапқан. Тағы 283 тұрғын жарақат алған.

Жалпы 6 жарылыс болған. Лаңкестер ел астанасы Коломбо қаласындағы бір католик шіркеуі мен үш қонақ үйді және Негомбо шаһарындағы екі шіркеуді нысанаға алған.

Әзірге терактіні кімдер ұйымдастырғаны белгісіз. Дәрігерлер жергілікті ауруханаларға жараланғандар әлі жеткізіліп жатқанын айтады.

Теракт жасалған аудандар қоршалып, лаңкестер іздестіріліп жатыр.

RT агенттігінің  жергілікті News First. ақпарат қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, қаза болғандардың саны 160-қа жеткен.

Коломбо қонақ үйінде 40 адам қайтыс болып, 295-і жарақат алған.

Негомбо қаласындағы шіркеуде 93 адам көз жұмса, Баттикалоа шаһарындағы шіркеуде 27 адам қаза тауып, 73 адам зардап шеккен.