Тайваньның тәуелсіздігін қалайтын кандидат президент болып сайланды

Bloomberg есебінше, Цай Инвэнь 11 қаңтарда өткен президент сайлауында шамамен 57,1 пайыз дауыспен жеңіске жетіп, екінші рет Тайвань президенті болып сайланды. 11 қаңтар кешке дейін елдегі сайлау учаскелерінің 99,8 пайызында дауыс саналған.

Инвэнь – Тайваньның Қытайдан тәуелсіздік алғанын қалайтын саясаткер.

Қытай Тайваньды өз территориясы санайды және “бір ел – екі жүйе” принципін ұсынады. Инвэнь алғашқы президенттік мерзімі аяқталуға жақын қалғанда рейтингі сәл төмендеген еді, бірақ Гонконгтегі Қытайға қарсы наразылық тұсында танымалдығы қайта арта түсті.

Инвэньнің басты қарсыласы – Гаосюн қаласының 62 жастағы мэрі Хань Гоюй. Оның партиясы Пекинмен қарым-қатынасты нығайтуды қолдайды. Алдын ала есеп бойынша, ол 38,6 пайыз дауыс алған.

АҚШ мемлекеттік департаменті Инвэньді екінші рет президент болып сайланғанмен құттықтады.

11 қаңтарда Тайваньда жергілікті парламент сайлауы да өтті. Оның дауысы әлі саналған жоқ.