Түркияда “төңкеріс жасамақ болған” 74 әскери өмір бойына түрмеге кесілді

Түркияда 74 бұрынғы әскери 2016 жылы шілдедемемлекеттік төңкеріс жасамақ болды дегенайыппен өмір бойына түрмеге кесілді. Оның 56-сы жазасын қатаң режимдегі абақтыда өтейді. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады.

Анкарада мемлекеттік төңкеріс ісі бойынша 152 күдікті сотқа тартылған. 31 іс бойынша сот ақтапүкім шығарған.

Сот дерегінше, төңкерісті ұйымдастырғандарТүркия бас штабысының бұрынғы басшысыХулуси Акарды кепілге алып, Акынжиәуебазасынан Түркия премьерініңрезиденциясына жеткізген. Дереккөздердіңхабарлауынша, Акар отырған ұшақтың ұшқышыУгур Капанды 29 мерзімдік өмірлік түрмежазасына (шамамен 4000 жыл) кескен.

 

2016 жылы шілдеде Түркияда мемлекеттіктөңкеріс жасамақшы болғандардың әрекетісәтсіздікке ұшырағаннан кейін елде 80 мыңнанастам адам тұтқындалып, 150 мың мемлекеттікқызметкер мен әскерилер жұмысынанайырылған. Президент Режеп Ердоғандысынаушылар билік іске аспай қалған бүлікті өзгепікірдегі адамдарды басыпжаншу үшін сылтауетіп пайдаланды дейді.

1999 жылдан бері АҚШта тұратын ФетхуллаГүлен 2013 жылға дейін Режеп Ердоғанменжақын байланыста болған, кейін екеуі араздасыпқалған. Түркия билігі Гүленді 2016 жылы әскеритөңкеріс жасамақшы болды деп айыптап, АҚШтан оны беруді бірнеше рет талап еткен.

Фетхулла Гүлен бүлікке еш қатысы жоғын айтып, Анкараның таққан айыптарын жоққа шығарады. Түркия билігі соңғы екі жылда ГүленніңХизметқозғалысына қатысы бар деген күдікпен қамауғаалған мыңдаған адамның арасында саясаткерлер, судьялар, әскерилер мен қоғам қайраткерлерібар.