Ұлыбританияда ұшақ апатқа ұшырады

Ұлыбританияның Мерсисайд графтығындағы Саутпорт қаласында жеңіл ұшақ гольф алаңына құлады. Бұл туралы Мерсисайд полициясы мәлім етті.

«Біз 11 сәуір, бейсенбі күні кешқұрым Royal Birkdale гольф алаңына жеңіл ұшақтың құлап, бір адам қаза тапқанын растаймыз», – делінген хабарламада.

Мәлімдемеге қарағанда, полиция апат себептерін тексеруді бастап кеткен.

 

ҚазАқпарат