Венесуэла оппозициясының жетекшісі Пентагонмен әріптестік орнатқысы келеді

Венесуэла оппозициясының жетекшісі ХуанГуайдо сенбі, 11 мамырда АҚШтағы өкілінПентагондағы ресми тұлғалармен кездесіп, Венесуэладағы саяси дағдарысты шешу бойыншаәріптестік орнату мәселесін талқылауды сұрады. Бұл ақпаратты Reuters агенттігі хабарлады.

Сенбі күні Каракаста жұрт алдында сөйлегенГуайдо АҚШтың қорғаныс саласындағы ресмитұлғалармен тікелей байланыс орнату үшінАҚШтағы өкіліне олармен шұғыл түрдекездесуді тапсырғанын хабарлады. Ол Мадуроғақысым жасауда барлық мүмкіндікті пайдаланудыкөздеп отырғанын айтты.

Гуайдо сонымен бірге Венесуэладағы дағдарыстышешу жолдары бойынша Қытай билігініңықтимал әрекеттері туралы Пекиннен мәліметалғанын да жеткізді.

Венесуэла саяси дағдарысты бастан кешіп жатыр. Ел парламенті оппозиция бақылауында. Жылбасында сол кезде ассамблея спикері болғанХуан Гуайдо өзін уақытша президент жариялап, Мадуро билігін заңсыз таныған.

Ресей, Қытай, Түркия мен Куба Мадуроныжақтайды. Ал Гуайдоны АҚШ пен Еуропа одағы, Латын Америка елдерінің шамамен барлығы, сондайақ басым бөлігі батыс елдерінен тұратын50-ден аса мемлекет қолдайды