WhatsApp қосымшасына жаңа функция қосылды

WhatsApp бағдарламасын жасаушылар жаңа функцияны сынақтан өткізіп жатқандығын мәлімдеді. Ол арқылы топтық чаттан шықпай ескертуді өшіруге мүмкіндік береді, – деп хабарлайды РИА Новости.

Көптеген WhatsApp қолданушылары топтық чатқа еріксіз қосылғандарына наразылық білдіреді екен. Сондай-ақ олар топтық чаттан басқа қолданушыларға білдіртпей шыға алмайды. “Режим игнорирования архивных чатов” функциясы арқылы қолданушы топтық чатта қала береді, бірақ ескертулер оған көрінбейтін болады.
kaz.tengrinews.kz