Зеленский жеңді. Украинадағы сайлауда дауыстардың жартысы саналды

Украинаның орталық сайлау комиссиясы елдегі президент сайлауының екінші турында берілген дауыстардың жартысын санап үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kzLenta.ru-ға сілтеме жасап.

Протоколдардың 50,18 пайызы саналды, оның қорытындысы бойынша Владимир Зеленскийге 73,01 пайыз дауыс берілген, қазіргі президент Петр Порошенко 24,65 пайыз дауыс жинап отыр.

Владимир Зеленский Львов облысы мен шетелдегі сайлау округінен өзге өңірлердің бәрінде озып келеді.

Ал сауалнама деректері бойынша, президенттік сайлаудың екінші турында Зеленский дауыстардың 73 пайызын алды, Порошенко – шамамен 25 пайыз. Порошенко жеңілгенін мойындады, бірақ саясаттағы жұмысын тоқтатпайтынын мәлімдеген.