Желіде жаңа iPhone макеттері пайда болды

Желіде жаңа iPhone макеттері пайда болды.

Инсайдер Вениамин Гескин Twitter әлеуметтік желісінде макеттердің суретін жариялады, болжаммен ол жаңа  iPhone XI және iPhone XI Max смартфондарына арналған.

iPhone смартфонының жаңа құрылғысының алдыңғы бөлігі бұрынғыдағыдан аса айырмашылығы болмайтын көрінеді. Алайда макеттердің суреті модельдердің жаңа дизайнда болатыны туралы қауесеттерді растады.

Қолданушылардың болжауы бойынша, смартфонның жоғарғы бөлігі өзгеріске ұшырайды. Телефонның тысқабы (чехол) панельді жаппайды, сол себепті ол жерге кез келген өзгерістер енгізілуі мүмкін, алайда нәтиже қатты өзгермейді.

Осыған дейін, сарапшы Мини Чжи Куо фроналды камера экран әйнегінің астында қалып қоятынын айтқан еді.  Осыған дейін Желіде иілгіш iPhone сызбалары жарияланған еді. Америкалық Apple компаниясы иілетін смартфон моделін патенттеді. Осыған ұқсас Samsung және Huawei әзірлеген гаджеттер жобасынан айырмашылығы ол екі жаққа да иіледі. Apple арнайы полимерлі жабынды ойлап тапқан, соның арқасында дисплей иілгіш әрі төзімді болып, жарылып кетуден және басқа да зақым келуден сақтайды. Бұл жағынан Apple екі жаққа иілу мәселесін шеше алмаған оңтүстіккореялық Samsung компаниясын басып озды.

kaz.tengrinews.kz